Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шаеның даулы ұстанымына қатысты пікір білдіріп, Қытай сыртқы істер министрлігінің берген түсініктемесін қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Франциядағы Қытай елшісінің ұстанымын елемейтінін хабарлады. Оның айтуынша, елшінің ұстанымы жалпы Қытай саясатын аңғартпайды. Алайда Бейжің билігі елші Лу Шаеның пікірін қолдап-қолдамайтын ашып айтпады.
"Мен Қазақстан мен Қытай арасындағы байыпты қарым-қатынас туралы айтатын барлық тармақты тізіп шықтым. Қытай Сыртқы істер министрлігі өз елшісінің әрекетін түсіндіріп, өз ұстанымына толық реакциясын білдірді", - деді Смадияров.
Сонымен қатар, Франциядағы Қытай елшісінің өз сұхбатын үлкен дау туғаннан кейін өшіріп тастағаны анықталды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мұндай "саяси сенсацияны" елеусіз қалдыруды жөн деп тапқанын жеткізді.
"Бұл елші Францияда жұмыс істейді, ол жерге қалай нота жібереміз? Ол Парижде жұмыс істейді. Сөздерді аударып, мүлде басқа тақырыпқа әкелмейік", - деді ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айбек Смадияров өз сөзінде Қазақстанның 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болғанын еске салды. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыстардың тарихына тоқталып,2022 жылғы 23 желтоқсанда қабылданған құжатқа сәйкес қос ел бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтіндігін жеткізді.
"Адырна" ұлттық порталы