Ақтоғай ауданындағы қыстақта ірі қарадан қарасан ауруы анықталды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінде Нұрислам қыстағының аумағындағы ірі қара малдың арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын», - деп жазылған Сарышаған кентінің әкімі А.Тойымбеков жариялаған құжатта.
Шектеу 21 сәуірде күшіне енген.
Айта кетейік, қарасан (эмфизематозный карбункул) – малдардың арасында тарайтын жұқпалы ауру. Одан ірі қара өліп кетуі де мүмкін.