Үйлестіру кеңесінің алғашқы көшпелі отырысы өтті

2388
Adyrna.kz Telegram

Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің алғаш рет көшпелі отырысы 20-21 сәуір күндері Сыр елінде өтті. Үйлестіру кеңесінінің алғашқы күні ҚР-ның АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы М.Есекеева, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жастар ресурстық орталықтарын әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі А.Абенова және Қазақстанның барлық аймағынан Жастар ісі жөніндегі басқарма басшылары мен барлық облыстардағы Жастар ресурстық орталықтарының директорлары Байқоңыр қаласына сапарлап, бірқатар маңызды нысандарды аралады.

Шара барысында Байқоңыр қаласының әкімшілік басшысы К.Б.Бусыгин Қазақстандық делегаттарды қабылдап, Байқоңыр қаласында Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, жастар орталықтарының жұмысы және волонтерлік қозғалыс жөнінде айтып өтті.

Бұдан кейін делегация «Будущее Байконура» жастар орталығының ғимаратына экскурсия жасап, орталықтың жастарға ұсынатын мүмкіндіктерімен танысты. Байқоңыр қаласындағы маңызды тарихи орын саналатын «Байқоңыр» космодромына барып, ондағы мұражайда орналасқан тарихи мұра мен жәдігерлерден мол әсер алды.
Сонымен бірге Сыр елінің мәдени брэндіне айналған Қорқыт ата мемориалды кешенін аралап, ондағы құнды экспонаттардың тарихымен танысты.

Экскурсия соңында еліміздің әр өңірінен келген қонақтарға қазақы қонақжайлылық танытып, Рамазан айының соңғы күнінде ауызашар дастарханы жайылды.

Пікірлер