«Бірінші айлығын алса, ішіп кетеді». Айманбетов ауыл жастары туралы (ВИДЕО)

3610
Adyrna.kz Telegram

Мәжілісте «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың қатысуымен AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Күн тәртібінде ауыл жастарын жұмысқа тарту мәселесі талқыланды.

Жиын барысында депутат Аманжол Әлтаев басқарма төрағасына «Тендерді жеңіп алған құрылыс компанияларына сол ауылдың жастарын жұмысқа тарту мәселесі қаншалықты деңгейде талап етіледі?» деген сұрақ қойды.

«Бұл жерде айта кететін бір кемшілік бар. Жергіліктілер бірінші айлығын алса, ішіп кетіп, жұмысқа шықпай қоятын аурулары бар. Ондайы болмаса, компаниялар жұмысқа алады»,- деп жауап берді Айманбетов.

Мәулен Зарлықұлының жауабы көпшіліктің ашуын тудырды. Залда отырғандардың бірі «Ондай артық имплементация қажет емес» деп ескерту жасаса, желі қолданушылары «Жалқау деді, көндік,  масыл деді, көндік. Бүгін алқаш деп отыр. Ертең не дер екен?», «Мынау Парламентте айтылатын сөз бе?», «Бәрі бірдей ішкіш емес шығар,  сылтау ғой»,—деп пікір қалдырды.

 

<

Пікірлер