Жүргізуші бағдаршамда қызыл жанып тұрғанына қарамастан өтіп кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Нәтижесінде, ол 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті.
Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жүргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде тапты. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.
Кейін көлік жүргізушісі де анықталды, ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты.
ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін.