14 сәуір күні сағат 19.00-де Құрманғазы оркестрінің концерт залында Ұлттық оркестрдің «Махаббат – мәңгі ертегі» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кешке эстрадасының жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Азамат Бақбергенов. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Тахауи Рахметов, Жадыра Аманова, Анастасия Скепко, Динара Нұрбаева келді.
Одан бөлек, жеке орындаушылар, Мәдениет саласының үздіктері Бейбарыс Хамзин, Әсел Жылқышынова, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Сатжан Шамелов, Әсел Рақымжан қатысты.
Концерттік бағдарламада оркестр репертуарындағы ең таңдаулы шығармалар орындалды.
Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.
Ғашықтар күні құтты болсын!