Стамбулдың орталығында бес қабатты ғимарат құлады

2220
Adyrna.kz Telegram

Стамбулдың орталығындағы Бейоғлу ауданында қараусыз қалған бес қабатты ғимарат құлаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

DHA агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылы ғимарат иесіне оны қалпына келтіруге рұқсат берілген. Алайда ол қалпына келтіру жұмыстарын бастамаған.

Салдарынан 8 жылдан кейін Түркияның Стамбул қаласының дәл орталығында бой көтерген бес қабатты ғимарат опырылып құлады. Оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, Бейоғлу — Стамбулдың Еуропа бөлігіндегі аудан.

Пікірлер