Ольга Рыпакованың күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

3850
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованың күйеуі Денис Рыпаков Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының І сессиясы 30 наурыз күні өтті.

«Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Нәбиев қатысушыларды облыстық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларымен таныстырып, депутаттарға депутаттық куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.

Сессия барысында депутаттар мәслихат төрағасы етіп Денис Сергеевич Рыпаковты сайлады, тұрақты комиссиялардың құрамын және олардың төрағаларын сайлады»,—делінген хабарламада.

Денис Сергеевич Рыпаков 1980 жылғы 20 тамызда Алматы қаласында туған.
Мамандығы бойынша дене шынықтыру мұғалімі, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының дене шынықтыру институтын аяқтаған.

«Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша спорт шебері», «Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атақтарын иеленген.

Пікірлер