Арменияның конституциялық соты Рим статутында бекітілген Халықаралық қылмыстық сот туралы міндеттемелерді құп көріп, ел Конституциясына сәйкес деп таныды. Бұл жөнінде New.Am агенттігі хабарлады. Шешім өз күшіне енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Енді Ресей президенті Владимир Путин және бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова Арменияға барған жағдайда тұтқындалуы мүмкін. Өйткені, Армения халықаралық қылмыстық соттың 17 наурыз күнгі шешімін заңды деп таныды.
Халықаралық қылмыстық сот екеуін де Украинаның оккупацияланған аймағынан халықты, соның ішінде балаларды күштеп көшіріп, әскери қылмыс жасады деп айыптады.
Енді Путин Рим жарғысын ратификациялаған елдерге және соттың юрисдикциясын мойындайтын елдерге кіре алмайды (123 мемлекет).
"Адырна" ұлттық порталы