Молдовада мемлекеттік тіл атауы өзгертілді

1902
Adyrna.kz Telegram

Молдова президенті Майя Санду елдің мемлекеттік тілін «молдаван тілінен» «румын тіліне» өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін атауды өзгерту туралы заң жобасын парламент мақұлдаған болатын, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, румын тілі елді Еуропа одағымен интеграциялауға көмектеседі.

«Румын тілі осында тұратын және осы жерді жақсы көретіндердің барлығын біріктіргенін қалаймын. Біз бүкіл әлем бойынша 27 миллионнан астам адаммен бірге Еуропалық Одақтың ресми тілдерінің бірі румын тілінде сөйлейміз. Ондаған жыл бойы Молдова азаматтары румын тілінде емес, «молдаван» тілінде сөйлейді деп келгендер бір ғана нәрсені көздеді. Ол — бізді бөлшектеу. Ұлтты бір-бірінен бөлген соң, оны бағындыру, басқару оңайырақ. Екіге бөлгісі келгендер лингвистиканы ойлаған жоқ, олар Молдова халқын дауластыруды мақсат етті»,— деді президент.

Пікірлер