Жезқазғанда 100 жастағы қария дауыс берді

2176
Adyrna.kz Telegram

Жезқазған қаласының тұрғындары бүгін қоғамдық көліктерде тегін қатынау мүмкіндігіне иеленді.

Қандай да бір себеппен сайлау учаскелеріне келе алмаған сайлаушыларға көшпелі жәшіктер апарылды.

Жезқазғанда 18 жасқа толған 209 жас алғаш рет дауыс берсе, ғасыр жасаған үш қария да саяси науқанда өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетті.

Солардың бірі - 100-дегі Айтқұрман Құрманбаев 8 баладан 35 немере, 40-шөбере және 10-шөпшек сүйіп отыр.

Айтқұрман ҚҰРМАНБАЕВ 100 жастағы сайлаушы:

- Мен балаларға, ағайын-туыстарға хабарласып, қатты-қатты айттым, барып дауыс беріңдер деп. Қазақ мемлекетінің жоғары көтеру үшін үлес қосыңдар деп айтып жатырмын. Қазақстан жоғары мемлекет болып, бүкіл әлемге танылуын сұраймын. Бар тілеуіміз сол".

Пікірлер