Кері байланыс
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

Сапарбаев: Бір реттік жәрдемақы 70 мыңнан 140 мың теңгеге өседі

2525
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп, онда өңір басшысы көпбалалары аналарға көмек көрсету жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Көпбалалы, аз қамтылған отбасылар назардан тыс қалмайды. Көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдау жүргізілді. Бәрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың есебінен көмек берілетін болады.

Өткен жылы 33 мыңға жуық көпбалалы, нашар тұратын отбасыға көмек көрсетілді. 120 мың баланың жазғы демалысы ұйымдастырылды. 132 ата-анасыз қалған бала пәтер алды. Сонымен қатар, 54 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Жалпы өткен жылы 265 мың адамға көмек көрсетілді. Жұмсалған қаржы – 3,4 миллиард теңге.

Негізі бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған. Алдағы уақытта қосымша шара қабылданады. Жылына берілетін бір реттік жәрдемақы 70 мыңнан 140 мың теңгеге өседі. Көпбалалы аналар үшін пәтерге қажетті алғашқы жарна субсидияланады. Биыл бюджеттен қосымша 2 миллиард берілсе, оның 500 миллилон теңгесі көпбалалы аналардың баспаналы болуына бағытталады. Ал жұмыссыз жүрген адамдар оқытылады. Бұл іске 200 миллион теңге қарастырылған. Көпбалалы отбасылардың балабақшаға баратын балаларына қосымша 100 миллион теңге бөлінеді. Яғни, тамаққа төлейтін ақының 70 пайызын мемлекет береді. Мектептерде де тегін тамақ ішетін балалар саны артады. Бұл жұмысқа 700 миллион қаржы бөлінеді. Барлығы мұқтаж отбасының 5 мыңға жуық адамы жұмысқа орналасады», – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Пікірлер