Қазақстандықтар бар. Пуэрто-Рикода 100 шетелдік ұсталды

1219
Adyrna.kz Telegram
Фото: flickr.com
Фото: flickr.com

Пуэрто-Рикода 100 шетелдік ұсталды, олардың арасында қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN-ге сілтеп.

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік бойынша тергеу департаменті (HSI) 3 ақпандағы жағдай бойынша Пуэрто-Рикода 100 шетелдіктің ұсталғанын, олардың барлығын депортация күтіп тұрғанын хабарлады.

АҚШ билігі Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сондай-ақ Гватемала, Эквадор, Доминикан Республикасы, Гаити, Мексика, Қытай, Доминика, Бразилия, Британдық Виргин аралдары, Израиль, Италия және Жапония азаматтарын ұстаған.

26 қаңтардан бастап АҚШ-тың миграция және кедендік қызметі президент Дональд Трамптың жаңа жарлығы аясында ел аумағында құжатсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, ұстау және депортациялау бойынша арнайы операциялар жүргізіп жатыр.

Пуэрто-Рико – АҚШ территориясы болып саналатындықтан, онда Вашингтон бекіткен федералдық заңдар қолданылады. Операцияны АҚШ Әділет министрлігі, ICE, ERO (жұмыспен қамту және шығару бюросы) және CBP (кеден және шекараны қорғау қызметі) жүзеге асыруда.

Ұсталғандар Пуэрто-Рико мен Виргин аралдарындағы арнайы мекемелерде миграциялық процедуралардан өтеді, содан кейін өз елдеріне депортацияланады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер