Қарағандыда бір жарым жастағы сәби 22 магнитті шарды жұтып қойған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Баланы іші ауырып, дене қызуы көтерілген соң ауруханаға апарған.
Дәрігерлер тексеру кезінде баланың ішінен бір-біріне жабысып қалған магнитті шарларды анықтаған. Ішкі ағзалардың жыртылу қаупі болғандықтан, сәбиге шұғыл түрде ота жасалған.
«Баланы шұғыл түрде отаға дайындап, магниттерді алып тастадық. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, жансақтау бөлімінен шығарылды», – деді Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар