Кеңсайда ұлы жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің кесене-ескерткіші ашылды

5009
Adyrna.kz Telegram

"Соңғы парыз", "Қан мен Тер" сынды бірқатар құнды туындылардың авторы, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің зираты көтерілді. Енді оқырмандары туындыларымен халық жадында жатталған жазушының кесене-ескерткішіне зиярат ете алады. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 

Сауатты іс жайлы әдебиетші Бигелді Ғабдулин жазды.
"Ұлы жазушы Әбдіжәміл Нұрпеисовке кесене-ескерткіш ашылды. Кеңсай зиратында бүгін Әбеге ескерткіш ашылды! Топырағы торқа, рухы жұмақта шалқысын! Қазақ ПЕН клубы.
Әбдіжәміл Нұрпейісов - Әбе бір ғасыр өмір сүріп, өз шығармаларында бір ғасырды қамти алды. Бұл адами және жазушылық ерлік.
Мен Әбемен отыз жылдай дос болдым, сондықтан мен оны адам ретінде де, жазушы ретіндеде білемін деп айта аламын.
Жазушылар екі категорияға бөлінеді: кейбіреулері өмір сүру үшін жазады, ал басқалары жазу үшін өмір сүреді.
Әбе екінші категорияның адамы еді. Ол өмірін әдебиетке арналды. Ол ұзақ өмірінде ресми түрде тек бір жылдан астам жұмыс істеді - "Жұлдыз"журналының бас редакторы боп.
Айта кету керек, ол тағдыр мен биліктің нағыз еркесі болды. Елімізде мен осындай тағдырға ие болған тек екі жазушыны ғана білемін: ол Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Олжас Сүлейменов.
Әбе өзінің жазған дүниелеріне өте қатал, педанттық көзқараспен қарайтын. Бір жеделхатты ол бірнеше күн жазатын.
Қартайғанда тек санаулы жазушылардың ғана жас кезінде жазылған дүниелерін сызып тастауға дәті шыдайды. Әбе сондай адам еді. Ол өзінің алғашқы романын " Курляндияны " нашар шығарма деп айтып жүрді.
Жақсы жазушының өз ақыл-ойынан басқа, әріптес достарының ақылдарымен санасады, олар арқылы рухани, әдеби баюға тырысады. Әбе күшті ақыл мен керемет есте сақтау қабілетіне ие болды, және әлемдік әдебиетті де жақсы менгерді. Әлем әдебиетінен нәр алып көп нәрсені үйренді. Әбенің биіктігі ұлылардан үйрену болды.
Әбе өлімнен қорықпады, бос өмірден қорықты.
Абе қалай қартаюдың сырын білетін. Мұндай қасиет әрбір адамға беріле қоймайды. Табиғи және асығыссыз өмір сүретіндер ғана жақсы қартаюды біледі.
Өзінің қиын мінезі болсада, Әбе алдымен көпшіл адам болды. Басқалардың жетістіктеріне қуана білді. Ол сүйгендерінен ештеңе аямайтын.
Өзінің ішкі дуниесі сырқы дүниесінен маңызды болды. Кез-келген билікті оның жүрегі қабылдамады және сол биліктердің тісі оған өтпеді.
Әбе осындай адам болды, тұтас, берік тұлға ретінде өмірден өтті.
Басқа жазушылармен бірге ол қазақ ПЕН клубын құрып, оны 20 жыл басқарды.
Абенің 100 жылдығы жақындап қалды. Оның мерейтойына орай Қазақ ПЕН клубы естеліктер кітабын шығаруға шешім қабылдап отыр. Сондықтан, достар, ұзаққа созбай қаламсаптарыңызды қолға алым естеліктеріңізді жаза бастауларыңызды өтінемін. Жазған мәтіндеріңізді маған жіберуге болады.
Жатқан жері торқа болып жұмақта шалқысын!
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер