«Тәтті жегім келді»: Ақтөбеде торт ұрлаған адам бейнебақылауға түсіп қалды (ВИДЕО)

3228
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде ер адам кондитерлік дүкеннен торт ұрлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 1 ақпан күні түнгі уақытта болған. Ол 15 мың теңге ақшалай және 40 мың теңге сомасындағы торттарды ұрлаған.

Полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам тәтті жегісі келіп, ұрлық жасағанын айтқан.

“Ұрлық” фактісіне қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

<

Пікірлер