Ринат Зайытов өзін Парламент депутатына кандидаттыққа ұсынды

2901
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Айтыскер ақын Ринат Зайытов өзін ҚР Парламент депутатына кандидаттыққа ұсынды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақынның айтуынша, бұл шешімді қабылдау оңайға соқпаған.

“Құжат тапсырылды. Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутатын сайлау бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына бүгінмажоритарлықжүйемен өзімді-өзім ҚазақстанРеспубликасы Парламент депутатына кандидаттыққа ұсындым.

Мойындаймын. Оңай келген шешім емес. Ең әуелгі сұрақ қай аймақтан бақ сынайтыным болған. Алдымда екі таңдау болды. 1) Алматы қаласы 2) Абай облысы. Әрине бір қараған адамға туған жерім үш жұртымның ең көп өкілдері тұратын аймақ. Абай облысы тиімді болатын еді.

Бірақ, «Ауыл итінің аузы сасық» екенін, бір облысты толық аралауға, әр ауылдан сенімді өкіл, әр участоктен бақылаушы т.б. ескерсек оның барлық шығынын өтейтін менде мүмкіндік те, демеуші де жоқ. Оған қоса аймақтарда жергілікті биліктің ықпалы өте үлкен. Сондықтан Алматы.

Алматы - азаттықтың астанасы. Алматы-рухты қауымның мекені. Ол аз десеңіз, осыдан төрт жыл бұрын биліктің кісенінен жұлып алған да осы Алматыдағы ағайын. Демеушім жоқ демеймін. Тілектестерім бар. Қазақ бар! Жаратушыдан кейін сенерім солар. Тәуекел. Оңай шегінбейтінімді ескертудің қажеті жоқ шығар. Сонда да...”,- деп жазды ол.

Пікірлер