Туғаннан әлсіз еді, қорқақ бала болатын. Бала шағында өзі қатарластар көп соғатын. Әсіресе, қыздармен көп ойнайтын, солармен ұрсысатын-солпы беті, сауықсыз сықпыты төрге шығып, елге танылар емес еді. Жоғарғы оқу орнын ақылы бітірді. Әлсіз бозбала осында жүріп жағымсуды, сабынсыз кіруді мол үйренген. Жалақ тілді, жарым жүрек жігітті билік алыстан таныған...
Ел қырылып жатқан Шаңырақ, Жаңаөзен кезінде жанығып кіріскен. Қандастарын, күшік кезінде есе ала алмаған қазағын сөзбен сойған. Ұлт бостандығы деген, Алаш азаттығы деген ұғым оған жат еді. Ол құл болатын. Ал құл азатты көрсе қызғанады. Қыранның қанаты, тұлпардың тынысы оған жат еді. "Сен осы мемлекетті ұстап тұрсың", - дейтін теке сақал, араби сөз көсемі. Ол елім дегенді көрсе іреп жібергісі келетін. Билік арқылы дәмдіні жеп, алысқа ұшып жүрген жан таланттарды жек көретін. Қағынан жеріген неме Қарағандыда да қанат қақты... Тіпті шыдай алмай, саңғып та жіберді. Өйткені ол танылып қалған... Енді оның өтірік, өшпенділікпен өрнектелген сөздері ешкімге керек емес...
Серік Елікбай