"Біз жертасада орыспен қатар орналасып, батысқа оқ боратуға дайынбыз" - КХДР

4128
Adyrna.kz Telegram

Корей халық республикасының басшысы Ким Жен Ынның туған әпкесі әлемдегі тұрақсыздық үшін АҚШ пен Украинаны айыптап, Ресейге қолдау білдіруге даяр екендігін жеткізді. Ким Е Жонның айтуынша, солтүстік корейлер орыс үшін жан алып - жан берісуге дайын отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "lenta.ru"-ға сілтеме көрсете отырып.

Ким Жен Ынның әпкесі Ким Е Жонның сөзіне сенсек, Пхеньян Мәскеумен бірлесіп, қиын-қыстау кезеңдерге қасқая қарсы тұруға дайын.

- Пхеньян әрдайым Мәскеу жағына шығады. Ресей армиясымен және халқымен бір шепте болып, жертасада қатар жатып, қарсы тарапқа оқ атады, - деп мәлімдеді КХДР басшысының әпкесі, Кореяның Еңбек партиясы ОК бөлімі бастығының орынбасары Ким Е Жон.

Солтүстік Хан Гуr ханымы Украинадағы қақтығыс АҚШ-тың саяси алаңға "ши жүгіртуімен" дамығанын атап өтті. Сонымен қатар, Американың Киевке қару тасуын ылаң әрекетке балады. Ресей жақын күндері барлық тасылған қаруды тартып алып, өртеп жіберетініне кәміл сенетінін баса айтты.

Мұндай деректерді, Солтүстік Корея көшбасшысының туыстарының сөздерін,  КХДР Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) келтіреді.

"Адырна" ұлттық порталы.  

 

Пікірлер