Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова өмірден озды. Қайғылы хабарды Парламент Сенатының баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады»,— делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.