Ақмолада әйел жаңа туған баласын пешке жағып жіберді

4661
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Макинск қаласында әйел жаңа туған баласын пешке жағып жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

33 жастағы қала тұрғыны жүктіліктің 24-ші аптасында болған.

«Келіншек үйінде түсік тастап, дүниеге шетінеген бала келген. Ол ешқандай медициналық көмекке жүгінбеген. Тергеу барысында әйел нәрестені жанып тұрған пеште өртеп жібергенін айтты»,—деп түсіндірді ведомство.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Пікірлер