Алғаш рет Қазақстанда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 2023 жылдың 4 ақпанында дирижерлік өнердің жарқын таланттарына арналған маңызы зор мәдени жоба – Халықаралық «Жаңа есімдер» жобасы бастау алмақ.
Жобаның мақсаты – заманауи дирижерлік өнерді қолдау, дамыту, насихаттау, осы өнердегі жаңа есімдерді таныту, дарынды жастардың кәсіби шеберлігін шыңдау, сондай-ақ қазақстандықтардың назарын классикалық музыкаға аударып, отандық және шетелдік дирижерлермен халықаралық байланыстарды нығайту арқылы еліміздің музыка мәдениетін жетілдіру.
«Жаңа есімдер» жобасы аясында 4 ақпан күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен концерт өтеді.
Бағдарламада:
П.И.Чайковский – «Итальяндық каприччио», «Ромео и Джульетта», Ф.Лист – «Прелюдтар», Б.Сметана – «Влтава», А.Джоржак – «Карнавал» Увертюрасы, А.Жұбанов, Л.Хамиди – «Абай» операсынан би, Г. Малер – «Адажиетто».
Жобаға қатысушы дирижерлер:
Барбара Поплавска, Ильяс Дүйсен, Нарын Қажығалиев, Қуаныш Исмаилов.