Қазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

3798
Adyrna.kz Telegram

Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов жеңімпаз атанды. Бұл туралы «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды.

Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Ербол Хамитовтің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдегер атанды.

Пікірлер