Өзгерген заң бойынша пара алғандар енді 20 есе көп айыппұл төлейді

3692
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда пара алғандар енді алған қаржысынан 20 есе көп айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қолданыстағы заң бойынша парақорлар 5 мың айрық есептік көрсеткішінде айыппұл төлеп келген еді, енді заң қатаңдатылмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әділет министрлігі  ҚР кейбір заңнамалық актілерге, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады.

Жобада коммерциялық пара берушілерге жазаны қатаңдату жоспарланған. Атап айтқанда, пара алушыларға алған пара сомасының 10 еседен 20 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салынады.

Informburo.kz-тің нақтылауынша, егер пара мүлік түрінде берілсе, ол сол мүліктің құны мөлшерінде айыппұл төлейді. Болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Әділет министрлігінің түсіндіруінше, айыппұлдардың жаңа мөлшері "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасымен және бас прокуратураның тапсырмасы аясында енгізіліп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер