Министрлік өкілдері бағаның көтерілуіне Қазақстанның оңтүстігіндегі аяз себеп болғанын алға тартып отыр. Қатты аяз көптеген көкөністерді үсітіп жіберген.
- "Бәрі қымбаттайды. Әрине, біздің өміріміз күннен-күнге қымбаттап барады. Бірақ ол үкімет өзі белгілеген инфляциялық дәліздерде қымбаттауы керек", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы нарығын өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның өсуі инфляция дәлізінен жоғары болмайды деп үміттенеді. Яғни, 4-5%. Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің айтуынша, жыл соңына дейін орташа есеппен өнім 15-20 пайызға қымбаттайды.
Соңғы кездері ұлттық нарықта ет бағасының да өскені анық аңғарылып отыр. Ет сатып алатындардың да саны сиреген.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаны реттеуге тырысуда дейді экономистер. Бірақ инфляция салдарына орай баға бағамы жақын аралықтарда тұрақталмайды дейді мамандар.
"Адырна" ұлттық порталы