Kaspi Касса – қазақстандық кәсіпкерлерге арналған тегін сервис

2890
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік кірістер комитеті мен Kaspi.kz салық органдарының екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимылы аясында қазақстандық бизнес үшін пилоттық жобаны іске асыруда. Бұл жоба кәсіпкерлерге бір құрылғыда касса мен төлемдік POS-терминалды тегін алуға мүмкіндік береді.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Қаржы министрлігімен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, біз жаңа Kaspi Касса бірегей сервисін аштық, оның үш қарапайым артықшылығы бар. Біріншіден, Kaspi Касса – толықтай тегін сервис. Екіншіден, сервисті тікелей Kaspi Pay қосымшасында небәрі 1 минут ішінде онлайн қосуға болады. Үшіншіден, кез келген әдіспен төлеген кезде барлық чектер автоматты түрде жасалады. Өткен жылы біз пилоттық жобаны іске қосып, сүйікті клиенттерімізден көптеген жақсы пікірлер алдық. Биыл біз Kaspi Касса пилоттық жобасын ұлғайтуды жалғастырамыз. Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетіндегі әріптестерімізге бірлесе жұмыс атқарғаны үшін тағы да алғыс білдіремін. Осы жобаның көмегімен біз қазақстандық кәсіпкерлер, әсіресе шағын және орта бизнес компаниялары үшін бизнесті жүргізу жағдайларын бірге жеңілдетіп, жақсарта алатынымызға сенімдімін», - деп пікірін білдірді.

Азамат Панбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

«Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректерді тегін берудің балама нұсқасы мәселесін пысықтады. Нәтижесінде кәсіпкерлердің шығынын қысқартуға және фискалдық чек беруді оңайлатуға бағытталған екінші деңгейдегі банктермен осы механизмді сынақтан өткізу үшін пилоттық жоба іске қосылды. Бұрын ЖК кассалық құрылғы үшін, оны қосу және қызмет көрсету үшін, сондай-ақ фискалдық деректер операторының қызметі үшін бөлек ақы төлейтін. POS-терминалдардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы кәсіпкерлер мұндай шығындарды қысқарта алады. Мұның бәрі Комитет жүзеге асыратын сервистік модель тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады».

Асхат Кабдулов, жеке кәсіпкер, LOFT барбершоп:

«Бұрын біз басқа провайдердің онлайн-кассасын қолданатын едік. Алдымен оны ұзақ уақыт қосып, ЭЦҚ парольдерін енгізетінбіз, онда үнемі бір ақаулар болатын. Содан кейін кассир барлық чекті қолмен толтыратын, бұған көп уақыт кететін. Оның үстіне бұл қызмет үшін ақы төлеуге тура келетін. Kaspi Кассаны біз бірнеше секунд ішінде тегін қостық, сондай-ақ оны пайдаланғанымыз үшін ештеңе төлемейміз. Ал клиенттеріміз Kaspi Gold немесе Kaspi QR арқылы төлеген кезде, Kaspi Касса чектерді өзі жасақтап, оларды клиенттерге Kaspi.kz қосымшасына автоматты түрде жібереді. Бұл төлемдерді қабылдау бойынша еңбек шығынымыздың тура 80%-ға қысқарғанын білдіреді!»

Касымхан Али, жеке кәсіпкер, оқытушы:

«Маған тегін кассаны әп-сәтте қосуға болатынын, енді чектерді қолмен толтырудың қажеті жоқ екенін айтқан кезде, мен сенбедім. Мұның шындық екеніне сені мүмкін емес! Мен бірден бухгалтерімізге, Kaspi.kz-ке, салық органына телефон соқтым. Бұл рас болып шықты! Қостық, қолданып жүрміз, өте ыңғайлы. Kaspi Кассамен барлық төлемдерді автоматтандырдық, бұл расымен де қуантады!»

Kaspi Касса – бұл Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы тегін сервис, ол Kaspi POS, басқа банктің POS-терминалы арқылы және қолма-қол ақшамен төлем қабылдағаннан кейін фискалдық чектерді қалыптастырады. Сервисті 1 минут ішінде онлайн қосуға болады. Жаңа Kaspi Касса сервисінің көмегімен QR арқылы, қолма-қол ақшамен, картамен немесе қашықтан ақы қабылдауға болады. Ақшалай есеп айырысудың барлық түрлері бойынша онлайн-чектер автоматты түрде қалыптастырылады және Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіледі және мұның бәрі тегін. Кәсіпкерлер үшін бұл жұмысты жеңілдетеді және шығындарын үнемдейді. Мемлекеттік кірістер комитетіне «көлеңкелі» экономикамен күресуге және бюджет кірісін арттыруға көмектеседі.

Пилоттық жобаның алғашқы кезеңінде Kaspi Кассаны «Қызметтер» санатында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қоса алады. Жақын арада тауарлар номенклатурасын қоса отырып, Kaspi Касса барлық кәсіпкерлер үшін қолжетімді болады. Сервис туралы толығырақ Kaspi Гидтен қараңыз.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер