Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алу күдігімен ұсталды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде", - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"Адырна" ұлттық порталы