Жазушы, драматург Сая Қасымбек Қазақстан Республикасының президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың кезіндегі жақтастарына қатысты пікір білдірді. Автор өз ұстанымдарын “әп-сәтте” өзгертіп шыға келген Н. Назарбаев қолдаушыларының қалай қарсы топқа айналғанын өткір сынады. Қоғам үшін мұндай қауіпті топтың ештеңеден тайынбайтынын жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жазушы Сая Қасымбек өз пікірін төмендегідей өрбітіп, биліктегілердің ұстанымын сынады:
“Лидерін талау - өте қауіпті мысал. Ол мысалды “Аманат” партиясы “Отан” деп іргетасын қалаған лидерін тазша талаумен дәлелдеді ә?.. Ең қорқыныштысы - кезінде көз тоқтатып қарағанына бақытты болған партияластары ерекше белсенді талады. Егер, бүгінгі депутаттардың 80%-ы елбасының шапанынан шыққанын ескерсек, отаға түспек тұрмақ, тозақтың отына түсерсің. Ештеңе өзгерген жоқ. Шындап келгенде, партияда тұрған ештеңе жоқ. Басқа партия да тап осылай жасарына күмәнім жоқ. Тақтан тайғанды талау - ықылым заманнан жалғасып келе жатқан жайт. Тек, таққа ұмтылғандар ескерсе ә?..” - деп жазды автор бұған қатысты.
“Адырна” ұлттық порталы