“Талай қазақ Кореяда құл боп жүр…”: Белсенді қарапайым халық жайын баяндаған жыр жазды

5185
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде белсенді азамат Сәбит Рысбаев қарапайым халықтың ауыр жағдайы мен елдің шынайы қалпын суреттеп, Абай ізімен жыр жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Шынайы жағдайды арқау еткен жырда қарапайым қазақтың тұрмыс қамытын киіп, шетелде табыс қамымен “босып” жүргені баяндалады. 

“Кореяда құл боп жүр.
Талай қазақ баласы.
Балам ақша тапты деп.
Қуанар ата анасы.

Өз елінде жүрер ме еді.
Жетсе егер шамасы.
Амандығын тілеп қалады.
Ауылдағы қатын бала шағасы.

Арқада күн жылы болса.
Арқар ауып несі бар деді ата анасы.
Осылайша құл болды.
Мұнайлы елдің баласы.

Жемқорлар біздің тояр ма?
Пара алуды қояр ма?
Қара халқы құл боп жүр.
Жемқорлары гүл боп жүр”.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер