Францияда 1 млн-нан астам адам ереуілге шықты (ВИДЕО)

2891
Adyrna.kz Telegram

Францияда 1 млн-нан астам адам ереуілге шықты. Олар биліктен зейнет жасын төмендетуді талап етіп отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ел үкіметі 2030 жылға қарай зейнетке шығу жасын екі жылға ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Жаңа заң жобасы мақұлданса, зейнет жасы 62-ден 64-ке ұзартылады.

Қазіргі таңда ереуілдің ұйымдастырылуы Париждегі қоғамдық көліктер мен барлық өңірдегі пойыздың қозғалысына кері әсер етіп жатыр. Сондай-ақ Орли әуежайында кейбір ұшақ рейсі шегерілді.

Пікірлер