КРЕСТІҢ "КЕРЕМЕТІ' немесе ҚАРАПАЙЫМ ҚАҒИДА

2537
Adyrna.kz Telegram

Қатты суық тиіп ауруханаға түскенім жайлы айтқан едім... Жаныма жетпіске келіп қалған Федя деген "ағамызды" жайғастырды...Бойы бір қарыс болса да, шақар, өз мінезі бар, құдайға сенгіш екен пақырың...

Жиі - жиі темекі тартады. Ол темекі тартуға кеткенде смартфоннан Eurospotr арнасын қосып,  Australian Openде өтіп жатқан теннис көріп жатқан едім. Ол:- Шұқшиып не көріп жатырсың?- деп, маған шұқшиды.. Мен Россия мен Америка ойнап жатыр,- деп, едім, бəйге атындай екі құлағын қайшылап, жаныма жетіп келді. Павлюченкова мен Коллинз ойнап жатқанын аздап түсіндіріп едім,  Федя жылдам- жылдам шоқынып, Павлюченковаға арнап дұғасын оқып, жаныма жалғасты. Мен оның шырпы қорабынан екі тал шырпы алып, төмендегідей крест жасап беріп ем,  дəн риза болғаны.

°°° Бірінші сетті орыс қызы 6:2 есебімен жеңді.  Екінші сетті Коллинз 7:5 есебімен жеңді. Федя тіпті жиі- жиі шоқына бастады!!! Үшінші сетті Коллинз 6:1 есебімен жеңгенде Федя, шоқынып отырған шырпыдан жасаған кресті қолымен еденге шашып, шырғалаң тудырғаны)))) °°°

Осы кезде дəрігер келіп, крещение күні суға түскен қауға сақал қандасымыздың пневманиямен түскенін хабардар етті...

P.S. Барлық діни конфессияға құрметпен қараймын. Бірақ, дұғамен емдеймін, дұға арқылы жеңіс сыйлаймын дегенге анша - мұнша сенбейтін болып бара жатырмын!!! Сіз не дейсіз Досым?!!!

Советқазы Нұрсиланың Фейсбук парақшасынан

Пікірлер