18 қаңтарда мәдениеттанушы-философ Абылайхан Қалназаровтың кітабының тұсаукесері өтеді

2451
Adyrna.kz Telegram

18 қаңтарда сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мәдениеттанушы-философ Абылайхан Қалназаровтың «Шымкенттің жұмсақ күші. Шымкент қаласының брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын ілгерілету бойынша коммуникативтік стратегия (Талдаулар мен ұсыныстар)» атты тұңғыш қазақша политтехнология кітабының тұсаукесері өтеді.

Кітап лентасын «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев және белгілі журналист Зейін Әліпбек бірлесе қияды деп күтілуде.

Кітап 5 тарау, 432 беттен тұрады. Теориялық базасы Ұлыбритания үкіметінің кеңесшісі, Еуропа парламентінің депутаты, ағылшын ғалымы Саймон Анхольт концепциясына негізделген. 

Шымкент қаласы мысалында Қазақстан қалалары мен өңірлерінің брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын тұжырымдап, ілгерілету бойынша үлгілік ұсынымдар мен талдаулар жасалған. Ал таралымы 100 дана (әр данасы 25 мың теңге). Мазмұны бойынша аналитикалық-ұсынымдық зерттеу еңбек.

Кәсібилігін арттырғысы келетін мемлекеттік идеология, ақпарат (ақпараттық-психологиялық соғыс), БАҚ, PR мамандарына арналған.

Пікірлер