Елімізде McDonald's орнына «Вкусно и Точка» ашылуы мүмкін

3264
Adyrna.kz Telegram

Ресейде McDonald’s мейрамханасын алмастырған жаңа фаст-фуд желісі «Вкусно – и точка» Қазақстанда ашылуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаментінің айтуынша, қазіргі таңда тауар белгісін тіркеу өтініші қаралып жатыр.

«Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі қоғамдығы атынан «Вкусно - и точка» тауар белгісін тіркеуге қатысты өтінім келді. Ол қаралып жатыр»,—деп түсіндірді ведомство.

Еске салайық, 5 қаңтарда McDonald's компаниясының Қазақстандағы қызметі тоқтатылатыны хабарланған еді.

Пікірлер