№ 1 үміткер. Бақытжан Сағынтаев

2631
Adyrna.kz Telegram

Серік Елікбайдың саяси рейтингісі

Бақытжан Сағынтаев.  

Бірінші топтан.

Бүгінгі премьер-министр президенттікке бірден-бір үміткер,  ақ қолтыққа алақан созар жердегі өте жақын тұлға.  Өзбек,  әзірбайжан,  қырғыз   тіпті, орыс қойылымы бойынша да шарты  толық...  Кіммен болсын тіл табыса  білетін, компромиске көнгіш, өз пікірін шыңырауда ұстайтын, тілі тізгінді, сөзі тұсаулы,   артық ашуға бой алдырмас, саясатта саяқ Сағынтаев әлі біліне қоймаған жортары көп жүйірік.

Оның бойындағы басшыға тән негізгі белгілері;

А) Бұған дейін төмендеп көрмеген, тек өсу үстіндегі мемлекет қызметкері.

Ә) қай топтың гүрзісі екенін білдірмес- тұңғиық.

Б) қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Г) шешімді, тез бейімделгіш.  Бұл "Қазақ банкі" дауы кезінде көрінді.

Д) бүгінгі биліктегі -Ұлы жүзден.

Бағамдық дәрежесі:

 А.  Ұлтқа көзқарасы.   Ауыл тәрбиесін көрген, қазақилығы мен қазақшылдығы тең.  Керекуге әкім болған күні қазақ зиялы қауымын жинап сөйлескен жалғыз әкім. Әзірге, бұл жүйеде ұлт сөзін сөйлеуге дәрменсіз.

Ә. Шыққан ортасы. Википедиядағы деректе руы; ошақты.  Өз әкесі Социалистік еңбек Ері, кеңшар директоры болған, қайынатасы Тұрсын Қаратаев-Қонаев тұсында да, кейінгі Назарбаев кезеңінде де беделді болған  (С.Әбділдин сөзі). Демек кеңестік жүйеде де далада қалмасы анық еді. Саяси биографиясында бұрылыстар,  шұғыл жүрістер, шалт сөздер жоқ.

Б. Саяси-идеологияда орны жоқ.

Г. Шыдамды да берік.

Ғ. "Ауыр салмақты" Жақсыбеков кеткеннен кейін оны сынау азайғаны байқалады. Шайқалғаны қалыпқа түскен секілді.

Ж. Қолдаушы күштері белгісіз, Президенттен басқа. Топтарды үйлестіруші секілді көрінеді. Мемлекеттік қызметте тұтылған "дағы" жоқ.  Рейтингтік бағалау "а" позициясында ғана ондық бал, қалғаны бес.

А. 7 балл   Ә. 5 балл.  Б. 0 балл Г. 4 балл Ғ. 5 балл Ж.1 балл Ортақ бағасы 22 балл.

 

"Адырна"  ұлттық порталы

Пікірлер