“Осы аурудан өлем білем”: Еуропада емделіп жатқан ақын Жүрсін Ерман жұбайына өлең оқыды

7204
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Еуропаға сырқатына ем іздеп барған ақын Жүрсін Ерман ауруханада жатып, жұбайына өлең оқыды. Бұл туралы ақын бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнежазбада ақын Женевадағы ауруханада ем алып жатыр.

“Жамкенжан, осы аурудан өлем білем,

Алланың аманатын берем білем.

Кеудемнен көкала үйрек "қош" деп ұшты,

Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем”, – деді Жүрсін Ерман “Әсетпен Кемпірбайдың қоштасуынан” үзінді келтіріп. 

Ақынның жары Бақытжамал оның маңдайынан сүйіп,  сөзіне ашуланғандай болды. Тіпті, ол көзіне жас алды.

Пікірлер