Астанадағы 6 мектепте мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

4002
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласының прокуратурасы елорданың білім беру ұйымдарын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломдармен жұмыс істеп келгенін анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімі жалған дипломдарды ұсынып, қызметке кірген. Тексеру қорытындысымен Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігімен, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған тұлғалардың педагогикалық қызметі тоқтатылды»,—деп түсіндірді ведомство.

Пікірлер