"Қарлы боран мен көктайғақ": Ел аумағындағы 122 жол учаскесі жабылды

3483
Adyrna.kz Telegram
Ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 122 учаскесі жабылды, оның ішінде республикалық маңызы бар 42 учаске де дизельді және қоғамдық көліктерге жабық, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес, Қарағанды облысында 57 техника жол жиегінде жиналып қалған (Теміртау қаласынан шыққан кезде).

Сондай-ақ тқтеншеліктер өткен тәулікте 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялағаны белгілі болды.

"Уақытша жылыту пункттерінде 56 адам орналастырылды, арасында 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5)", - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

10 қаңтарда еліміздің 8 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер