Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қарғалы ауданында көпір суға ағып кетті. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Белгілі блогер, экономист Дәулет Мұқаев видеоны әлеуметтік желге жариялады. Онда көпір опырылып, суға ағып бара жатты.
“Мынау Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қарғалы ауданындағы жағдай. Биыл қар өте көп. Қазірден қар тазалау жұмфстарын жасамаса, бірнеше елді-мекенді су басу қауіпі бар. Көктемде бұдан да зорғысын көреміз. Жоғарыдағы көкелер, әкімдер бос жатпаңыздар!”,-деп жазды блогер.
Ұқсас жаңалықтар
“Жарты миллиард жұмсалып, 320 адам көрген”. Мемлекет қаражатына түсірілген сапасыз фильмдерге сын айтылды