З мыңға жуық құтқарушы жаңа жылды қалтқысыз қызмет көрсете жүріп қарсы алады

3203
Adyrna.kz Telegram
Қазақ еліндегі төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері жаңа жылдық мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген үрдісіне көшті. Деректер көрсеткендей, жаңа жыл мерекесі қарсаңында,  түнде, 3 мыңнан аса құтқарушы қызмет етіп, кезекшілікке шығады. Олар мереке қарсаңында, алда-жалда, күрделі мәселелер туындай қалса, оны оңтайландыруға сақадай сай. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

- ТЖМ-нің бүкіл құтқару корпусы күшейтілген режимде дайындықта тұр, оның ішінде 3 000-нан астамы жедел ден қоюға әзірлікке келтіріліп, қызмет атқаруда. Бұл өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының өрт сөндірушілері, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, құтқару авиациясының ұшу құрамы, сейсмологтар, психологиялық қызметтердің өкілдері, диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері, - делінген ақпарда.

Мұнымен қоса, 1 200-ге жуық құтқару көліктері, техника да жедел қызметке даяр. Барлық бөлімшелердегі қызметкерлер мен құтқару құралдары, құрылғылар тексеруден өткізілген. ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, қажет болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер