Дәурен Абаев: «Қарағанды оқиғасы бізге сабақ болды»

2365
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы  "Открытый диалог" бағдарламасындағы сұхбатта Қарағандыдағы оқиға туралы өз пікірін білдірді.

Бағдарламада ақпарат  министріне  "Неліктен билік ұзақ уақыттан бері үндемей отыр, неге ІІМ-нің баспасөз жиыны бір аптадан кейін бірақ өткізілді және ресми ақпараттың шұғыл берілмеуі қаңқу сөздерге толы вакуумның пайда болуына себепші болады деп ойламайсыз ба?" деген сауал қойылды. Дәурен Абаев: "Менің ойымша, бұл қайғылы жағдай бізге сабақ болады, оның арасында қоғаммен байланысты ұйымдастыру мәселесі де бар. Резонанс жағдайлар кезінде азаматтардың сол оқиғаға қатысты ақпарат алуға құқылы екенін біз жақсы түсінеміз. Алайда,  біз мынаны түсінуіміз керек, оқиғаның мән-жайын, күдіктілерді және басқа да ақпараттарды анықтау үшін белгілі бір уақыт керек. Дәл осы жағдайда оқиғаға қатысқандардың саны ондаған болды, олардың барлығы түрлі қалада жасырынып жатты. Басты күдіктілердің бірі тіпті, ел шекарасынан асып кетті, полиция барлық облыс бойынша тергеу амалдарын жүргізді, сонымен қатар, Ресейлік әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеді және әлі де істеп жатыр. Жаңалықтардан білетіндеріңіздей, қашқын ұсталды, демек біздің полиция барлық шұғыл шараларды барынша тиімді атқарды. Әрине, ақпараттандыру кешіктірілді. Кейбір деректер тергеу мүддесіне байланысты жарияланған жоқ, бірақ ең бастысы бұдан нәтиже еш бүлінген жоқ" деп жауап берді.

Пікірлер