15 желтоқсан күні сағат 20:00-де Ақтөбе облысы, Алға ауданында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, деструктивті діни ағымды ұстанушы азамат құрықталды. Тексеріс барысында оның үйінен қару-жарақ пен діни кітаптар табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке cілтеме келтіріп.
Арнайы тексеріс жүргізген тергеушілер оның үйін тінтіп, Макаров тапаншасы, 12-калибрлі Mossberg аңшы мылтығы, 38 дана 9-калибрлі патрон, 19 дана 12-калибрлі патрон, бір бәкі, 18 дана діни кітап тапты. Табылған айғақтардың бәрі тәркіленгенін мәлімдеді. Бұған қатысты:
"Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі негізінде тіркелді", – делінген хабарламада.Қазір Ақтөбе қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, қамауда отыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Радикалдар балабақша мен мектептегі балаларымыздың да миын улауға мықтап кіріскен. Депутаттар дін жайын сөз етті
