Түркияда билікке наразы халық көтеріліске шықты

3233
Adyrna.kz Telegram
ISTANBUL, TURKEY - JUNE 23: Istanbul mayoral candidate of Republican People's Party (CHP), Ekrem Imamoglu holds a press conference at the CHP's Election Coordination Center, in Istanbul, Turkey on June 23, 2019.
 ( Erhan Elaldı - Anadolu Agency )
ISTANBUL, TURKEY - JUNE 23: Istanbul mayoral candidate of Republican People's Party (CHP), Ekrem Imamoglu holds a press conference at the CHP's Election Coordination Center, in Istanbul, Turkey on June 23, 2019. ( Erhan Elaldı - Anadolu Agency )

Түркияда саясаткер, қазіргі билікке наразы қоғам қайраткері әрі Ыстамбұл қаласының әкімі Екрем Имамұлының жақтастары [Республикалық халық партиясы өкілдері] шеруге шықты. Олар Сарачхане ауданында жиналып, Екрем Имамұлын соттауға қарсы наразылық білдіріп жатыр. Қала әкімінің алдағы уақытта орнында қалып, не қызметтен шеттетілетіні әзірге белгісіз. Саяси жағдай туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

Оппозицияның белді өкілі Екрем Имамұлының Республикалық халық партиясындағы серіктестері бұл негізсіз сот ісін келесі жылғы Түркияда өтетін жалпы сайлаумен байланыстырады. Олар президент Режеп Тайып Ердоғанның осылайша оппозицияны әлсіретіп, ең танымал саясаткерлердің бірінен құтылуға тырысты деп алаңдап отыр.

Саясаткердің өзі, Екрем Имамұлының пікірінше, оған қарсы жүріп жатқан сот үрдісі Түркияның ойлап тапқан айласы ғана.

Саясаткер өзіне қатысты үкім шыққаннан кейін мынандай пікір білдірді:

"Айналдырған бірнеше адам халық сайлауға ұсынған өкілдерді тізімнен алып тастай алмайды. Алланың қолдауымен біз әлі күресіміз, бұл қарсылық ұлы күреске ұласады", - деді саясаткер.

Оқырмандарға түсіндіре кетейік, бүгін Ыстамбұл соты Ыстамбұл қаласының әкімі Екрем Имамұлын соттады. Оның үстінен Түркияның сайлау комиссиясы мүшелерін қорлады деген айыппен іс қозғап, 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер