Елтаңбаны өзгерту мәселесі күн тәртібінен алынғаны айтылды

2343
Adyrna.kz Telegram
Фото: kmmt.kz
Фото: kmmt.kz

Қазақстанның елтаңбасын өзгерту мәселесі күн тәртібінен алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Власть-қа сілтеп.

Осы сайттың сауалына жолдаған Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауабында«Мәселе күн тәртібінен алынып тасталды», - делінген

Қазақстанның елтаңбасын ауыстыру жөнінде мәселе жақын арада қаралмайтын болды.

Мәлім болғандай, сәуір айының басында Қаржы министрі Мади Такиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірді.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Мәдениет министрлігі 2024 жылы жаңа елтаңбаны шығаруға қатысты қосымша шығындар туралы жарияламаған.

15 наурызда Президент Тоқаев ұлттық құрылтайда жаңа Елтаңбаның жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын мәлімдеген болатын.

Пікірлер