Қостанайда әлі қолданысқа берілмеген пәтерлерде мұз қатып қалған

3671
Adyrna.kz Telegram

Үш жыл бұрын Қостанай қаласында «Қонай» деген атаумен жаңа шағын ауданның құрылысы басталған еді. Содан бері бүгінге дейін 5 қабатты 19 үй салынған. Алайда үйдің жағдайы мәз емес. Әлеуметтік желілерде жаңа салынған, бірақ пайдалануға берілмеген пәтердің суреттері тарап кетті, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.

Суреттерде бөлменің қақ ортасында еденнен төбеге дейін мұз қатып тұр.

Қостанай әкімдігі осы жағдайды түсіндірді.

"Қонай шағын ауданындағы 21 орам № 2, 3 үйлерінің құрылысын "Марал Құрылыс" ЖШС мердігер ұйымы салып жатыр. Қазан айында бұл ұйыммен шарт бұзылды, себебі олар өз міндеттерін орындамады, мемлекеттік сатып алуда жауапсыз қатысушы деп танылды. Жасалған шартқа сәйкес, құрылысты аяқтау үшін жаңа мердігер ұйымды анықтау кезеңінде үйді "Нұр Сақшы" күзет фирмасы күзетіп жатыр. Үйді тексеру кезінде жылу тек жертөледе қосылғаны анықталды. Жылыту жүйесіндегі Маевск кранынан су аққан", - деді әкімдіктен.

Анықталғандай, қалалық құрылыс бөлімі 13 желтоқсанда осы жұмыстарды аяқтайды.

"Осы оқиға туралы уақтылы хабарламаған күзет ұйымына тиісті хат жолданды. Қазіргі уақытта аталған үйлердің құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауға мемлекеттік сатып алу жарияланды, мердігер ұйым анықталғаннан кейін тұрғындарды қоныстандырғанға дейінгі барлық ақаулар жойылады", - деп атап өтті қалалық әкімдікте.

 

Пікірлер