Өзбекстанда елді энергиямен қамтамасыз етуге байланысты қиындықтар туды

2570
Adyrna.kz Telegram
Өзбекстан мемлекеті энергия ресурстарын үнемдей бастады. Елді энергиямен қамтамасыздандыруда қиындықтар туып, шетке сұйытылған газды экспорттауға тыйым салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Өзбекстанда 2023 жылдың бірінші наурызына дейін мемлекеттік орган көліктері толықтай бензинге көшеді. Бұл елдегі сұйытылған газдың азаюымен тікелей байланысты. Шешім президент әкішілігінің жиынында қабылданды, деп хабарлады  Kun.uz.

Өзбекстан билігі төмендегідей бірқатар қарарларға қол қойды. Олар:

  • барлық өндірушілер мен саудагерлерге сұйытылған газды экспорттауға тыйым салынады;
  • халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда сұйытылған газ жеткізіледі;
  • Су ресурстары министрлігі жүйесіндегі сорғы станцияларына электр энергиясын берудегі уақытша шектеулерді жыл соңына дейін ұзарту;
  • бензиннің, сондай-ақ бензин мен дизель отынын өндіруге арналған шикізаттың импортын арттыру;
  • АИ-80 маркалы бензиннің биржадағы саудасына делдалдық компаниялардың араласуына жол бермеу;
  • АИ-80 маркалы бензиннің импортына акцизді және оны бөлшек саудада өткізуге акцизді есептеу және алу екі ай мерзімге тоқтатылды;
  • биржада сатылатын АИ-80 маркалы бензиннің тәуліктік көлемі ұлғайтылады.

Нақты айтқанда, 2023 жылдың 1 наурызына дейін сұйытылған газбен жүретін және мемлекеттік органдарға тиесілі көліктер бензинге көшпек.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер