Түркия депутаттары арасында бюджетті талқылау кезінде жанжал шықты

2843
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жалпы жиналысында «Әділет және даму» партиясы мен оппозициялық «Халықтық-республикалық» партия мүшелері арасында пікірталас туындап,  депутаттары арасында төбелес шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бюджет келіссөздерінің екінші күнінде парламенттің жалпы жиналысында шиеленіс туындады. Депутаттар арасындағы ауызша кикілжің жанжалға ұласты. "Iyi" (Жақсы партия) мүшесі Хусейн Орс төбелес кезінде басынан жарақат алып, ауруханаға түсті. », - делінген хабарламада.

Парламенттік шайқастардың салдарынан депутаттардың бірі бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Отырысқа төрағалық еткен парламент вице-спикері Хайдар Акар осы даудан кейін отырысты 10 минутқа үзді.

Пікірлер