Ресей елшісінің сөзі екі елдің арасын алыстатуға арналған сөз - Мәжіліс төрағасы

3112
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісінің резонанс тудырған сұхбатына қатысты пікірін білдірді. Мәжіліс спикерінің айтуынша, дипломаттың кейбір сөзі оның статусына сай келмейді.

"Бородавкин мырзаның сұхбатын қарап шықтым. Кейбір сөздері оның статусына сай келмейді. Бородавкин мырзаны тәжірибелі дипломат ретінде танимыз. Ол насихаттаушылар мен саясаттанушыларға ұқсамауы керек. Бұл біріншіден. Екіншіден, ксенофобия Ресейде де, өзге елдерде де бар. Сондықтан біз елдерімізге пайдалы іспен айналысуымыз керек. Саясаткерлердің сөзі екі елдің байланысына зиян келтірмеуі керек", - дейді Қошанов.

Пікірлер