Хаменова сот үкіміне шағым түсірді

2441
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

15 қараша күні Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Айыпталушының 2 жасар баласының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігін қолдану арқылы жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.

Әзірге облыстық сот алқасы шағымды қарап үлгермеді.

Пікірлер