Ақтөбеде әйелді зорлағаны үшін 8 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

3352
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды»,—делінген хабарламада.

Күдікті ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі "Зорлау" бойынша іздеуде жүрген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Пікірлер