Клебанов Екібастұз ЖЭО-ны мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келеді - депутат

4002
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Олигарх Александр Клебанов өзі бақылайтын Екібастұз жылу электр орталығын апатты күйде мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келеді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Депутаттан мәжіліс кулуарында журналистер: “олигарх Клебановпен кездестіңіз бе?”, деп сұрады.

"Екі күн бұрын әкімшілікте жиналыс болды. Оған Клебанов та қатысты. Сол кезде біз бүкіл сұрақты сол кісіге қойдық. Ол бізге оны (Екібастұз ЖЭО) 1 теңгеге мемлекетке сатуға дайынбыз деді", - деді Сайыров мәжіліс кулуарында.

Алайда Қазақстан билігі оған келіспеген.

"Біз олай болмайды деп айттық. Ең алдымен кәсіпорынды иелікке алған кезде тозу деңгейі қандай, қазір қандай, сол айырманы анықтап, соны төлеуді талап еттік. Екіншіден, қазір Қазақстан халқы қиналып жатыр. Сондықтан олар Екібастұз халқына моралдық шығын төлеуі керек", - деді мәжілісмен.

27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шығып, тұрғындар қақаған аязда жылусыз қалды. Ертесіне қалада төтенше жағдай жарияланды.

Айта кетейік, олигарх Александр Клебанов – "Екібастұзжылуэнергия" ЖШС құрылтайшысы.

Пікірлер